16 нау, 2025 сағат 12:28

"Пәтер ұтып алдыңыз": Астанада алаяқтықпен айланысқан call орталық жойылды

Фото: sputnik.kz


Астанада полиция қызметкерлері бизнес-орталықтардың бірінде орналасқан алаяқтық сall орталықты жойды, деп хабарлады Polisia.kz.


Қаскөйлер өздерін "Техносмарт", "Байзон", "Like me shop" интернет-дүкендерінің қызметкерлері ретінде таныстырып, көліктер мен пәтерлер сияқты ұтыстар туралы хабарлап, оларға салық төлеу қажетті туралы айтқан. Жедел іс-шараларды өткізу кезінде кеңсенің алты қызметкері ұсталды. Олардың барлығы Қазақстан азаматы. Жеті ноутбук, маршрутизатор, wi-Fi роутер тәркіленді.


Сонымен қатар Жетісу облысында полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтық жасау үшін sim-box құрылғысын пайдалану фактісін анықтады. Тінту барысында 96 слоты бар жеті sim-box құрылғысы, қазақстандық ұялы операторлардың 50 мыңнан астам sim-картасы, жеті ұялы телефон, екі ноутбук, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған деп болжанған ИЖ-53 маркалы екі пневматикалық тапанша және төрт армиялық каска тәркіленді.


Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.