Нұротан деген есімді ұл балаға әжесі Сәлкен Түкенова қойыпты, деп хабарлайды Baq.kz.
Әйедің ойына мұндай идея немересі Нұротан дүниеге келмей тұрып келген екен.
Бірде Сәлкен Түкенова партияның аудандық филиалына ұлына жұмыс сұрап барады. Партия қызметкерлері әжейдің өтінішін жерге тастамай, ер адамды жұмысқа орналастырған. Осыған риза болған әйел немересі өмірге келгенде оның атын Нұротан деп қояды.
Қазір Нұротан Жамсап Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде Гагарин атындағы орта мектептің 4-сыныбында оқиды. Сабағын кілең беске оқитын озат оқушы тілдерді де меңгеріп жүр. Нұротанның таныстары оның адал дос екенін айтады.
Партия мүшелері «Мектепке жол» акциясы аясында Нұротанға спорт киімі мен рюкзак сыйлады, деп жазады informburo.kz.