04 қыр, 2017 сағат 14:00

Парламенттің жаңадан сайланған депутаттары Қазақстан халқына ант берді

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант берді, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ант бергендердің қатарында Сәуле Айтбаева, Рысқали Әбдікеров,  Дәурен Әділбеков, Владимир Волков, Ғұмар Дүйсембаев, Мұхтар Жұмағазиев,  Нұрлан Қылышбаев, Еділ Мамытбеков, Дүйсенғазы Мусин, Талғат Мұсабаев, Әбдәлі Нұрәлиев, Нұржан Нұрсипатов, Ерік Сұлтанов, Нариман Төреғалиев болды. 

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!», - деді ант берген сенаторлар.

Еске салайық, ҚР Парламентінің Сенатына сайлау Президенттің 2017 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына, ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүргізілді. Әр облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір депутаттан, барлығы 16 депутат сайланды.

Сайланған депуттардың 7-еуін  мәслихаттар ұсынса, 9-ы өзін-өзі ұсынғандар.