23 мау, 2022 сағат 10:22

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.

Еске салайық, кейінгі бірлескен отырыс 20 маусымда өткен. Онда Парламент Үкіметпен бірлесіп, республикалық бюджетке түзетулерді қабылдады.

Қазақстан Парламенті - заң шығару қызметін жүзеге асыратын еліміздің ең жоғары өкілді органы. Ол екі палатадан - Сенаттан және Мәжілістен тұрады.