Қазгидромет Пархач көлінің ластануына қатысты тексеру нәтижесін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
12 тамызда «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы жоспардан тыс шығып, Пархач көлінің су сынамаларын іріктеп алды және бірінші күннің сынамаларын талдау нәтижесін хабарлаған еді.
«Тағы зерттеу нәтижесінде көлде оттегіні химиялық тұтыну бойынша нормадан асып кеткенін (11 есе асып кету) көрсетті. Бұл тоғанның органикалық заттармен ластануын көрсетеді.
Осымен негізгі иондарды, ауыр металдарды және ОБТ5 (оттегіні биологиялық тұтыну) талдау нәтижелері бойынша 5 тәулік ішінде оттегіні биохимиялық тұтыну (ОБК5) бойынша шекті нормадан асып кету – 14,4 мг/дм3 (2,4 есе асып кету) анықталғанын хабарлаймыз. Шекті нормадан асып кету (ОБК5) тоғанның органикалық заттармен ластануын көрсетеді, бұл кәріз қалдықтары, тазарту құрылыстарының нашар жұмысы және т.б. болуы мүмкін)», -делінген хабарламада.