Елордада медициналық қызметкерлердің 90 пайызы және коммуналдық қызметтердің 70 пайызы вакцина алған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазір қала тұрғындары мен ұжымдарды вакциналау жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Біз 100 вакциналау бекетін аштық, барлық жеке және мемлекеттік амбулаториялық емханалар күн сайын жұмыс істейді, сондай-ақ ірі сауда орталықтарында вакциналау пункттері бар», - деді Көлгінов.
Сонымен бірге, әкім адамдарды вакциналауға ынталандыру үшін құнды сыйлықтар ойнатылғанын еске салды.
«Сарапшылардың айтуынша, пандемиямен күресудің басқа жолы жоқ. Біз вакцина алғандардың санын арттырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруымыз керек. Қазір медицина қызметкерлерінің 90%-дан астамы, коммуналдық қызметкерлерінің 70%-дан астамы вакцина салдырған. Одан бөлек, мобильді топтар жұмыс істейді, ұжымдарға барып, вакцина алуға көмектеседі. Бұл – өте маңызды жұмыс. Барлық қала тұрғындарын тезірек вакцина алуға және өздері мен жақындарын қорғауға шақырамын», - деді Алтай Көлгінов.
