08 там, 2019 сағат 20:17

Пәкістанда экс-премьер Наваз Шарифтің қызы тұтқындалды

«Пәкістан мұсылман лигасы» оппозициялық партиясының басшысы, елдің бұрынғы премьер-министрі Наваз Шарифтің қызы Марьям Наваз тұтқындалды. Бұл туралы бейсенбі күні Reuters агенттігі партияның ресми өкілі Марьям Аурангзебке сілтеме жасап хабарлады.

«Марьям Наваз тұтқындалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы оны Лахорда ұстады. Оның не себепті ұсталғанын бізге хабарлаған жоқ», - деп мәлімдеді Аурангзеб.

2018 жылдың 24 желтоқсанында Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Наваз Шариф жемқорлық жасады деп айыпталып, жеті жылға қамалды. Оның қызы Марьям Наваз да жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. 2018 жылы ол қамауға алынды, алайда соттың үкімі шыққанға дейін босатылған еді.