Өзімнің және жақындарымның қауіпсіздігі үшін вакцина алдым. Бұл туралы «Мақсат» медицина колледжінің 1 курс студенті Ботакөз Ізтелеуова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ботакөз бүгін Зачаган кентіндегі №6 емханада Pfizer компаниясының Comirnaty вакцинасымен егілді.
Ол бірінші компонентті алғаннан кейін өзін жақсы сезінетінін жеткізді.
«Жасым 17-де. Осы Орал қаласында тұрамын. Жақындарымның бәрі екпе алды. Менің де вакцина алуыма ата-анам рұқсатын берді. Бұл – түптеп келгенде, бәріміздің қауіпсіздігіміз үшін керек. Өзім «Мақсат» медицина колледжінде мейіргер ісі мамандығына оқып жатырмын. Алдағы уақытта осы салада білімімді жетілдіріп, халықтың денсаулығын нығайту жолында еңбек еткім келеді», деді Ізтелеуова.