Өзбекстанда таудан домалап түскен үлкен тас жолда кетіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігіне түсіп, оны жолаушыларымен бірге жаншып тастады, деп хабарлайды Ult.kz Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 6 қараша күні сағат 16:00 шамасында Қашқадария облысындағы Тахтакарача асуында орын алған. Оқиға салдарынан үш адам қайтыс болды.
Белгілі болғандай, көлік Китабтан Самарқандқа қарай бағыт алған. Қайтыс болған азаматтардың жеке тұлғалары әлі анықталған жоқ. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, көлік ішінде Венгрия азаматтары болған, ал жүргізуші өзбекстандық болған деген болжам бар, бірақ бұл мәлімет ресми түрде расталмады.
Қазіргі уақытта асудағы жол уақытша жабылып, оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс жүргізуде.