Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласының әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевті қарсы алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сонымен қатар мәртебелі мейманды ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин, сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов, Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев, Қазақстанның ӨР-дағы елшісі Е. Өтембаев қарсы алды.
Бұл Шавкат Мирзиеевтің Өзбекстан Республикасының Президенті ретіндегі Қазақстанға алғашқы ресми сапары.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізеді, онда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады.