Фото: nova24.uz
Париж Олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткен Өзбекстан спортшылары өз елдеріне қайтты. Олимпиада жүлдесін еншілеген спортшыларды жұртшылықтың ерекше сән-салтанатпен күтіп алған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Іс-шараға спортшылардың туыстары, жанкүйерлер, сондай-ақ шенеуніктер қатысқан.
Салтанатты кездесуден кейін спортшылар әдемі автобустарға мініп, Ташкент қаласын аралап шыққан.
Аnhor.uz хабарлағандай, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері үшін автомобильдер дайындалған: алтын медаль иегерлері үшін 8 Tahoe жол талғамайтын көлігі және күміс және қола медаль иегерлері үшін 5 BYD Song Plus Champion көліктері. Сонымен қатар спортшыларға ақшалай сыйақы беріледі: алтын медаль үшін 200,000 доллар, күміс үшін 100,000 доллар және қола үшін 50,000 мдоллар.
2024 жылғы Париж Олимпиадасында Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет 8 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 13-ші орынға ие болды. Бұл ел тарихындағы ең үздік нәтиже, олар Орталық Азия мен ТМД елдері арасында бірінші орын, сондай-ақ Азияда төртінші орын иеленіп отыр.