26 қыр, 2016 сағат 08:28

Өзбекстан әскери блоктарға қосылмау саясатынан танбайды

Өзбекстан "кез келген әскери-саяси блоктарға қосылмау" сыртқы саясатын өзгертпейді, деп мәлімдеді Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов. Бұл туралы ол БҰҰ Бас Ассамблеясында мәлімдеді, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

centralasian.org-тың жазуынша, "Өзбекстан сыртқы саясатын өзгертпейді. Өзбекстан кез келген әскери-саяси блоктарға қосылмау жолымен жүре береді, сондай-ақ ел аумағында басқа да мемлекеттердің әскери базалары мен нысандарын орналастырмайды", - деді Камилов.

Өзбекстан СІМ басшысының хабарлауынша, республика халықаралық келісімдер мен екі немесе көп жақсы келісімдердегі міндеттерін орындай береді.

"Өзбекстан президенті БҰҰ трибунасынан тала мәрте сөз сөйледі, оның бастамаларын әлемдік қауымдастық қолдап келді", - деді республиканың сыртқы істер министрі.