Өзбекстан суы тартылып, экологиялық апат аймағына айналған Арал теңізі маңын дамытуға бес жылда 2,6 миллиард доллар жұмсамақ. Ел президенті Шавкат Мирзияевтың бұл туралы жарлығы 30 қаңтарда шыққан. Бұл туралы Азаттық жазды.
2,6 миллиард доллар жаңа жұмыс орындарын ашуға, су тарту және канализация салуға, медициналық қызметті жетілдіруге, жаңа үйлер мен инфрақұрылымдар салуға, шағын несиелер беруге және әлеуметтік жәрдемақыға жұмсалмақ.
Тұщы сулы Арал теңізі әсіресе өзіне құятын Сырдария мен Әмударияның суы егіске көп кеткендіктен 1960 жылдан бастап суалып, 90 пайызы құрғап қалған. Соның кесірінен теңіз маңындағы Қазақстан мен Өзбекстанның экологиялық ахуалы нашарлаған.