14 там, 2020 сағат 09:10

Отандық ZіK компьютерлерінің сериялық өндірісі іске қосылды

Петропавлда отандық ZіK компьютерлерінің өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 тамызынан бастап «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорыны Киров атындағы зауыт алғашқы 5 мың компьютер техникасын жинақтай бастады, олар елдің білім басқармасына жеткізілмек.

Бұрын хабарланғандай 2020 жылдың 1 шілдесінде Майкрософт пен «С.М.Киров атындағы зауыт» арасында ZіK компьютерлерін Windows 10 Pro лицензиялық операциялық жүйесімен жабдықтау туралы келісімшартқа қол қойылған болатын.

ZіK компьютерлерінің бірнеше үлгісі шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасында қалалық және ауылдық мекемелерде арнайы сынақтан өткен. Сынақ нәтижелері бойынша ноутбуктер мектепте пайдалануға ұсынылды.

Қазіргі уақытта отандық компьютерлер шығаратын жобаны локализациялау үлесі шамамен 30% құрайды. Пайыз біртіндеп артып келеді, бұл болашақта пайдаланушыларға негізінен Қазақстанда жасалған өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.

Зауыт жылдың аяғына дейін тапсырыс берушілердің сұранысына қарай, тағы 60 мыңға жуық дербес компьютер мен ноутбук өндіруді жоспарлап отыр.