Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күрес барысында Ақмола облысында 2 кг гашиш арқалаған 45 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында оның бұрын отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысының рөлін сомдағаны анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Сондай-ақ Шымкент қаласында 1,5 кг а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматы ұсталды. Ол есірткіні Telegram арқылы сатқан. Күдікті Қазақстанға 2020 жылы табыс табу мақсатында келген. Оның жергілікті футбол командаларының бірінде ойнағаны анықталды.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.