30 мам, 2017 сағат 13:19

Өскеменге ең жас әкім тағайындалды

Өскеменге жаңа әкім тағайындалды. Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған 36 жастағы Қуат Тумабаев болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Жаңа қала басшысы қалалық мәслихаттың отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов таныстырды.

Облыс орталығында Қуат Тумабаев қала әкімі болған ең жас маман ретінде облыс тарихына енді.

Қуат Тумабаев 1980 жылы 30 қазанда дүниеге келген. Оның әкесі "Агрофирма Приречное" директоры, облыстық мәслихат депутаты Мұхит Тумабаев. Еске салайық, өскемен әкімі Ерлан Аймұқашев бірнеше апта бұрын қызметінен өз еркімен кетті.