28 мау, 2021 сағат 17:31

Өскеменде түтін басқан дәмханадан 100-ден астам адам эвакуацияланды


Өскемен қаласында түтін тұмшалаған дәмханадан 110 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Әуезов даңғылында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының бірі өртенген. 

«Белгілі болғандай, тілсіз жау дәмханадағы пештен шыққан. Осының салдарынан 2-6 қабат аралығын түтін тұмшалады. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен құтқарушылар 110 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 70 адам дәмханаға келуші болса, 40-ы сол жерде жұмыс істейтіндер», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, қызыл жалын шарпыған жалпы аумақ 6 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілген. Зардап шеккен ешкім жоқ.