23 мау, 2021 сағат 14:22

Өскеменде соқтығысқан екі көлік трамвай қозғалысын тоқтатты


Өскемен қаласында соқтығысқан екі көлік трамвай қозғалысын тоқтатты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 23 маусымда сағат 10:30 шамасында Шәкәрім даңғылы мен Чапаев көшесінің қиылысында болған. 

«SUBARU автокөлігінің 72 жастағы жүргізушісі жанама жолдан басты жолға шыққан кезде Шәкәрім даңғылы бойымен келе жатқан LEXUS автокөлігіне жол бермеген. Жол апатының салдарынан дене жарақатын алған SUBARU жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижелеріне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғасының салдарынан трамвай қозғалысы тоқтаған.