Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін көпқабатты тұрғын үй подъезінің бірінші қабатында орналасқан мопед пен жеке заттар өртенген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тұрғындарды құтқаруға кірісті. Қауіпсіз жерге көшірілген 35 адамның ішінде 15 бала бар.
«Сондай-ақ баспалдақ арқылы 13 адам құтқарылды. Оның ішінде 7 бала мен 2 мүмкіндігі шектеулі жан болған. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 3 шаршы метрді құраған. Өрттің шығу себебі – отпен абайсыз әрекет етуден болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.