16 там, 2021 сағат 15:44

Өскеменде көлік аялдама павильонына соғылып, 1 адам зардап шекті


Өскемен қаласында көлік аялдама павильонына соғылып, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 15 тамызда Карбышев көшесінде болған. 

«ВАЗ автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, аялдамаға соғылды. Павильон әйел адамның үстіне құлаған. Дене жарақатын алған жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан із суытқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жүргізушіні іздестіріп жатыр. Ол жол-көлік оқиғасына кінәлі болғаны және сол жерден кетіп қалғаны үшін жауапқа тартылмақ.