Өскемен қаласында өткен демалыс күндері өрттен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 тамызда сағат 19.41-де жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен құтқарушылар үй ішінде ес-түссіз жатқан 39 жастағы ер адамды тапты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері реанимациялық шаралар жүргізгенімен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Екінші оқиға 15 тамыз күні таңғы сағат 05.00-де М.Тынышпаев көшесінде болған. Жер үйдің 156 шаршы метр аумағын жалын шарпыған.
«Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау барысында 60 жастағы үй иесінің денесін тапты. Екі оқиға да өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болып отыр. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 862 өрт тіркелген», - делінген хабарламада.