Фото: Ақмола облысы әкімдігі
Өскемен қаласында 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалада жаңа әлеуметтік бастама жүзеге асырылмақ.
— Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл ұсынысты шаһар әкімі Алмат Ақышов көтерді. Ондағы мақсат — бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау және оқушылар мен студенттер үшін қолайлы жағдай жасау, — деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта тиісті нормативтік құжат әзірленіп, келісу кезеңінен өтіп жатыр.
Тегін жүру мүмкіндігі баланың жасын растайтын құжатты көрсету арқылы қолжетімді болады.
