10 ақп, 2025 сағат 10:43

Өскемен, Қарағанды қалаларында телефон алаяқтары ұсталды

Фото: Polisia.kz

Киберполиция Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар желісін жойды, деп хабарлайды Ult.kz.

Өскемен қаласында үш үйден 489 SIM карта орнатылған 22 SIM box құрылғысы, 452 USB-интернет модемі, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі. Қаланың үш тұрғыны ұсталды.

Сонымен қатар Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар SIM box құрылғысы, екі мыңға жуық SIM карта, екі Wi-Fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді.

ІІМ хабарлауынша, ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.