18 қаң, 2021 сағат 16:30

Өскемен қаласының жаңа логотипі әзірленді

Өскеменнің жаңа логотипі әзірленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шаһар әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның қалаларында елтаңба мен басқа да геральдикалық символдардың болуы қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған. 

Дегенмен қарапайым, заманауи және де көркемдік мағынасы бар бірыңғай символика туристік тартымдылық пен жалпы қаланың имиджін қалыптастыруға септігін тигеді. 

«Осыны ескере отырып, тиісті мамандарды тарту арқылы ресми іс-шаралар мен құжаттарда, сондай-ақ, кәдесый және басқа да атрибутиканы брендтеуде қолданылатын логотип әзірленді. Логотипте Алтай таулары мен Үлбі өзенінің Ертіске құяр сағасы бейнеленген» делінген ақпаратта.