#
#
Cәрсенбі 25/11/2020

Өскемен әкімі желіде халық наразылығын тудырған хабарламасына қатысты түсініктеме берді

  • 26.10.2020
  • 0
  • 108

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram желісіндегі жеке парақшасындағы жазбасына пікір қалдырған желі қолданушысына не себепті «осы сөзің үшін жауап бересің» деп хабарлама жазғанын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Sandra_ouz бүркеншік есімді азамат Өскемен қаласы әкімінің «осы сөзің үшін жауап бересің» деп хабарлама жазғанын скриншотқа түсіріп желіге жариялады. Оның айтуынша, танысына шаһар басшысы жазбасына сыни пікір қалдырғаны үшін осындай хабарлама жіберген. 

Көп ұзамай Жақсылық Омар не себепті солай жазғанын түсіндірді. 

«Кеше әлеуметтік желіде менің жеке басыма қатысты ешқандай фактілерге сүйенбей, құр эмоциямен жазылған пікірді көрдім. Мені қала басшысы ретінде екіжүзді деп айыптау қорлық деп санаймын. Әрине, өзімнің ар-намысыма тиген мұндай дәлелсіз сөзді елеусіз қалдыра алмаймын. Оның үстіне, сол адамға біреуді қорлаудың жауапкершілігі болатындығы туралы ескерткенімде, ол мұны қорқыту деп қабылдады. Мен әрдайым дәлелді, негізі бар талаптарды тыңдауға дайынмын. Бірақ барлықтарыңыз сияқты жеке басыма қатысты қорлыққа шыдамаймын», - деді ол. 

Әкім өз сөзінде жазбасына пікір қалдырған азаматты заң аясында жауапқа тартқысы келетіндігін жеткізді. 

«Мұндай қорлық атқарушы билік пен тұрғындар арасындағы тиімді диалогқа жат. Сіздер бұл оқиғаға түсіністікпен қарап, объективті баға береді деп сенемін», - деді Жақсылық Омар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар