17 қар, 2020 сағат 09:20

Өскемен әкімдігі қала атауы жазылған тұғырдағы қате жайлы түсінік берді

Өскемен әкімдігі қала атауы жазылған тұғырдағы қате жайлы түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары Өскеменге кіреберісте шаһар атауы жазылған тұғырдағы қатені сынға алды. Фотосуреттен көрінетіндей, Өскемен атауынан «s» әрпі түсіп қалып Ókemen (Өкемен) деп жазылып қалған. 

Қала әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетовтың айтуынша, бұл орфографиялық қате емес. 

«Аталған тұғырдағы монтаждау жұмыстары толықтай аяқталмаған. Осыған байланысты «с» әрпі түсіп қалыпты. Әр әріп бөлек-бөлек орнатылған болатын. Қазіргі уақытта тұғырдағы жазу түзетілген», - деді ол.