Қазақстандағы кезектен президент сайлауында 8 млн 299 мыңнан астам адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
ОСК мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, елорда уақытымен сағат 22:00-дегі жағдай бойынша 8 299 501 адам сайлауға қатысқан. Бұл - сайлаушылар санының 69,43 пайызы.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
Абай облысы – 80,18 %
Ақмола облысы – 78,87 %
Ақтөбе облысы – 72,81 %
Алматы облысы – 72,10 %
Атырау облысы – 70,87 %
Батыс Қазақстан облысы – 68,67 %
Жамбыл облысы – 79,57 %
Жетісу облысы – 81,42 %
Қарағанды облысы – 78,39 %
Қостанай облысы – 79,28 %
Қызылорда облысы – 81,07 %
Маңғыстау облысы – 66,99%
Павлодар облысы – 77,58%
Солтүстік Қазақстан облысы – 79,01%
Түркістан облысы – 80,37%
Ұлытау облысы – 75,48 %
Шығыс Қазақстан облысы – 79,49 %
Астана қаласы – 48,60%
Алматы қаласы – 28,72%
Шымкент қаласы – 59,79%.
Айта кетейік, республиканың басым бөлігінде сайлау учаскелері таңғы жетіде ашылып, кешкі сегізде жабылған болатын. Тек батыс өңірлер мен Қызылорда облысында уақыт белдеуіндегі айырмашылыққа байланысты дауыс беру бір сағатқа кеш басталды.
Экзитполдың нәтижесі түнгі сағат он екіден кейін жарияланады – халыққа кандидаттардың болжаммен қанша дауыс жинағаны хабарланады.
Президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 қазақстандық дауыс беру мүмкіндігіне ие болған.