Фото: Тұрар Қазанғапов, Tengrinews.kz агенттігі
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысу көрсеткіші міндетті шегіне жеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Жалпы, сағат 14:00-де республика бойынша 6 262 973 азамат сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл - дауыс беру тізіміне енгізілгендердің 53,43 пайызы. Заңға сәйкес, сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өтті деп есептеледі. Осылайша, аумақтық референдум комиссиясының мәліметі бойынша сайлаушылардың келу көрсеткіші шегіне жетті", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.