Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясында жаңа хатшы сайланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Нұрлан Әбдіров ОСК отырысын өткізді. Онда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 11-бабы 2-тармағына сәйкес Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып сайланды", - делінген хабарламада.
Мұхтар Ерман 30 наурызда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарған Анастасия Щегорцова ОСК мүшесі ретінде жұмысын жалғастырады.