Фото: Pexels.com
Қостанай соты «Басаман» орман шаруашылығы мекемесінің бұрынғы басшысынан келтірілген залал мен шығын үшін өтемақы өндіріп алды, оның кінәсінен ауқымды өрт шыққан, деп хабарлайды Ult.kz.
Қостанай облыстық сотының мәліметінше, 2022 жылы бұрынғы басшы Ж., өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, өрт қаупі жоғары кезеңде жазғы уақытта Қостанай облысының орман қоры аумағында адамдардың болуына белгіленген тыйымға қарамастан, жеке бригаданың орманда болуына, орман және ағаш кесу жұмыстарын жүргізуге заңсыз рұқсат берген.
Орманды кескен бригадалардың бірінің құрал-жабдықтарының дұрыс жұмыс істемеуінен Басаман және Семиозерный орман шаруашылығының аумақтарын, сондай-ақ Әулиекөл ауданының Аманқарағай және Озерное ауылдарын шарпыған ауқымды өрт шыққан.
Өрт салдарынан жануарлар қаза тауып, 32 мың гектардан астам орман жойылды. Қылмыстық іс қозғалды.
Орман шаруашылығы басшысы ызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жарым жылға сотталды. Оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынды.
Енді сотталушыдан материалдық залалды өндіріп алу уақыты келді. Сот талап қоюды ішінара қанағаттандырды: жауапкерден мемлекет кірісіне 21 млрд 436 млн теңге, облыстық бюджетке – 18 млрд теңге және аудандық бюджетке – 326 млн теңге залал өндірілді.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.