23 қар, 2016 сағат 08:49

Орнықты даму мақсаттары таныстырылды

Парламент Сенатында Біріккен Ұлттар Ұйымында 2030 жылға дейінгі Жаһандық күн тәртібі ретінде қабылданған Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) таныстырылды. БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттер 2015 жылғы қыркүйекте қабылдаған 17 мақсат кедейлікті жоюға, жер жүзіндегі ресурстарды сақтауға және баршаның теңдігі мен игілігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Орнықты даму мақсаттарын іске асыруды дамытуға арналған кешен­ді қадамдарды, кедейлік пен теңсіз­діктің түпкі себептерін жоюды көз­­дейді. Осы орайда, шараны аша келіп, Сенаттың Халықаралық қаты­­настар, қорғаныс және қауіп­сіз­дік комитетінің төрайымы Да­ри­ға Назарбаева Орнықты даму мақ­сат­­тарының бәрі қамтылатынын және өршіл бағдарламаларын іске асы­­руда ұлттық үкіметтерге негізгі жау­ап­кершілік жүктелетінін атап өтті.

Сенатордың айтуынша, біздің еліміз БҰҰ бастамаларын іске асыруға белсенді қатысып келеді және 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақты емес мүшесі болу құрметіне ие болды. Біздің елімізде қабылданған ұлттық стратегиялық құжаттар мен салалық мемлекеттік бағдарламалар Орнықты даму мақсаттарына үндес болып отыр. Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Орнықты даму мақсаттарын табысты жүзеге асыруға елеулі тетіктер ұсынады», деп атап өтті Д.Назарбаева.

Оның сөзінде алдағы «Бо­ла­шақ­тың энергиясы» тақырыбымен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде эколо­гия­лық мақсаттарды ілгерілетудің маңызды рөлі атап өтілді. «Біздің республикамыздың жетістіктері және жаңа міндеттер қою дең­гейі Ел­басының Қазақстанды дамы­­ту­дағы алысты болжаған страте­­гиялық ойларын көрсетеді. Қазір­гі замандағы Қазақстан Орнық­ты даму мақсаттарына қол жеткі­зуде көш­басшы болуға дайын және ай­мақтағы елдер үшін өнеге ретін­де қызмет етеді», деді Д.Назар­баева.

БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі – БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимамура пар­ла­ментшілерге құттықтау сөз ар­нады. Оның айтуынша, Орнық­ты дамудың ауқымы бойынша бәрі қам­ты­латын және өршіл мақсат­тарына қол жеткізу барлық мүдделі тарап­тардың тығыз әріптестігі жағ­дайында ғана қол жеткізуге болады.

Ал Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанда ОДМ-ны іске асыру барысы туралы сенаторларды хабардар етті.

Таныстырылымға қатысушылар Сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова, Ақан Бижанов, Геогрий Ким және Дархан Кәлетаевтың қойған сауалдарына жауап берді.

Шара қорытындысы бойынша се­на­торлар Орнықты даму қағи­дат­тарын ілгерілету қажеттігі және Орнықты даму мақсаттарын іске асы­руға қолайлы жағдай қалып­тастыру үшін қолданыстағы заңна­маға ОДМ-ны кіріктіруге жәрдем­десу атап өтілген мәлімдеме қабыл­дады. Мәлімдемеде ОДМ-ға қол жеткізу Қазақстанның халықтың әл-ауқатын жақсартуға және әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 30 елдің қатарына енуіне мүмкіндік беретіні айтылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.