Оралдағы Еуразия даңғылы Абай даңғылы болып өзгерді. Бұл туралы шешім бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 37-сессиясында қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар мәлім еткендей, аталған мәселе депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
БҚО әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі тіркеу үшін облыстық әділет департаментіне жолданды.
Осылайша Оралдағы орталық даңғылдың бірі ұлы ақынның есімімен аталатын болды.