27 ақп, 2023 сағат 17:34

Оралдағы арнайы ХҚКО-да төбеге ілінген ноутбук жұртты күлдірді

Фото: instagram.com/qumash_kz

Әлеуметтік желіде Оралдағы арнайы ХҚКО-лардың бірінде түсірілген күлкілі сурет тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

Суретті Qumash Instagram-парақшасы жариялаған. Онда электрон кезекті көрсететін ноутбук түсірілген. Бұл ретте гаджет төбеде ілулі тұрған теледидардың артқы жағына бекітілген.

Жазба сипаттамасында "өнертабыс" авторының тапқырлығы талқыланып жатыр.

Қооданушылар "Why ноут?", "99-деңгейдегі айтишниктер", "АйТишниктер керемет! Мәселені тез және арзан шешіпті. Жақсы шағын компьютер, қанша тұрады? 400 мың?" "Істен шыққан ноутбук пайдасын тигізді", "Заманауи мәселелер заманауи шешімдерді талап етеді", - деп күлкілі пікірлер қалдырған.

Жағдайды анықтау үшін редакция Азаматтарға арналған үкімет баспасөз қызметіне хабарласқан.

"Мемлекеттік корпорацияның БҚО бойынша филиалы электрон кезек таблосы (теледидар экраны) ноутбук арқылы жұмыс істейтінін хабарлайды. Бүкіл процесс (кезекке тұру тәртібі, клиентті шақыру, хабарлау және т.б.) ноутбук арқылы басқарылады. Бұл ноутбук HDMI кабелі арқылы негізгі таблоға қосылған, ол арқылы электрон кезек тәртібі хабарланады", - деп жауап берді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі мекемеде төбенің биіктігі 8 метр болатынын, бұл күту залының ортасына орнатылған таблоға кабель жүргізуді қиындататынын айтады. Жүйенің біркелкі жұмысын қамтамасыз ету үшін ноутбукты таблоның артқы жағына орнату туралы шешім қабылданған.