Оралда велосипедімен жүк көлігіне соғылған 6 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, қалалық көпбейінді ауруханада жатқан бала кеше қайтыс болды.
Бұдан бұрын жазғанымыздай, оқиға 11 сәуір күні сағат 13.30 шамасында болды. Ұзын тіркемесі бар «КамАЗ» жүк көлігі бұрылып жатқан кезде балдырған велосипедімен оның артқы доңғалағына соғылып, ұшып кеткен. Бала дүкеннен келе жатқан. Ол ауруханаға ауыр халде жеткізілді.