#
#
Сейсенбі 20/10/2020

Оралда «Жайықтың қос қыраны» атты республикалық ақындар айтысы өтеді

  • 18.09.2020
  • 0
  • 124

Батыс Қазақстан облысында Қазақстанның халық жазушылары, ақындар, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлиге арналған мерейтойлық шаралар болмақшы, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО мәдениет басқармасы мәлім еткеніндей, Жұбанның 100 жылдығы мен Қадырдың 85 жылдығы өңірде 25-27 қыркүйек күндері аталып өтіледі. 

Алғашқы күні Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында Жұбан орталығы ашылады. 

Орал қаласында өтетін «Жайықтың қос қыраны» республикалық айтысы екі күнге созылмақшы.

Оралда Жұбан ескерткіші, сондай-ақ Абай даңғылы ашылады. 

Қадыр Мырза Әли ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақын атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында «Қазақтың қадыры» облыстық жыр мүшәйрасының жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталады. 

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Жұбан жырлары – ғасыр үні» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жұбан» энциклопедиясының тұсауы кесіліп, «Қиял қанаты», «Жұбан оқулары» байқауларының жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі.

Театрда «Жұбан» спектаклінің премьерасы қойылады. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар