#
#
Сейсенбі 24/11/2020

Оралда жаңадан мәдениет сарайы салынып жатыр

  • 21.11.2020
  • 0
  • 104

Оралда жаңадан 926 орындық мәдениет сарайы бой көтеруде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыс әкімі Ғали Есқалиев шаһарда жаңадан салынып жатқан бірқатар нысандар, соның ішінде мәдениет сарайының құрылысымен танысты.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсентегінің айтуынша, мәдениет сарайы тұңғыш Президент алаңы жанында қалаға ерекше көрік бермек. Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы да осы жерде.

Үш қабатты мәдениет сарайы пайдалануға берілген кезде шетелдік, сондай-ақ еліміздегі белгілі әншілер келіп, концерт беруіне мүмкіндік туады. Көпбейінді мәдениет сарайында облыс әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, жастар музыка театры, бишілер, этнографиялық-фольклорлық, вокальды аспаптар ансамбльдері, суреттер галереясы және басқа өнер ұжымдары орналасады. Акустика, дыбыс, жарық аппаратуралары еуропалық талаптарға сай болмақ.

Көрермендерге арналған 926 орынның 120-сы балконда болмақ. Сахнаның өзіндік ерекшеліктері бар. Яғни оркестр қажет болғанда, сахна көтеріледі. Оркестр төменде болады.

Өңір басшысы мердігер мекеме «Альтаир» ЖШС-ға алдағы жылы мәреге жететін құрылысты сапалы бітіруді тапсырды. Сонымен қатар жаңа мәдениет сарайына жаңа ат ойлау керектігі де айтылды.

Осыған орай дәстүрлі әнші Ернар Өмірәлі, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дариға Мұштанова Фейсбуктегі парақшаларында мәдениет сарайын үш жүзге ән оздырған атақты әнші Мұхит Мерәліұлының құрметіне «Сал Мұхит сарайы» деп атауды ұсынды. Келер жылы Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығы аталып өтілетін болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар