09 шіл, 2021 сағат 15:10

Оралда қоршауға қыстырылып қалған елік құтқарылды


Оралға жабайы елік кіріп, аула қоршауына қыстырылып қалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, оқиға 9 шілде күні Мәскеу көшесі бойында орналасқан Н.Назарбаев зияткерлік мектебі ауданында болды.

Сағат 10.14-те жергілікті тұрғындар аула қоршауына жабайы еліктің қыстырылып қалғанын, оны босатып жіберу керектігін хабарлаған. 

Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел құтқару жасағының қызметкерлері (4 адам, 1 техника) қоршауға қысылып қалған елікті босатып, алған жарақатын таңып, оны Трекин ауылы маңындағы орманға қарай жіберді. Жұмыс сағат 11.15-те толықтай аяқталды.

Тұрғындар сөзіне қарағанда, елік қалаға адасып кіріп кеткен болуы керек.