Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына арналған «Ырыс алды - ынтымақ» жобасы аясында іс - шаралар өтуде.
Облыстық ҚХА ақсақалдар кеңесінің мүшелері мекемелерде, оқу орындарында кездесулер өткізуде. Бұл басқосулардың мақсаты - жас мамандарға, студенттер мен жұмысшы жастарға тәлім-тәрбие беру, Елбасы мақаласындағы айтылған бағыт – бағдарларды түсіндіру. Ақсақалдар Батыс Қазақстан электр желілерін тарату кешенінде жас мамандармен, Теректі ауданында ауыл жастарымен, Қадыр Мәрза Әлі атындағы орталықта кездесулер өткізіп, жастарға Елбасы айтқандай, еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгерту керектігіне тоқтап, жастардың да ойын тыңдап, өз өмірлері туралы да сөз қозғап жүр.
Бүгінгі кездесуде аудиторияның көбі шығармашылықпен айналысып жүрген жастар, жастардың бұл санаты Елбасы мақаласымен таныс, өз пікірі бар. Жастар «Білімнің салтанат құруы, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды», деген Елбасының сөздерімен толықтай келісетіндері туралы айтты. Ақсақалдар кенесінің мүшесі Феликс Баюканский ғұмырын Батыс Қазақстан облысының мәдениет саласына арнаған адам, сондықтан ақсақал бұл салада әлі қандай биіктіктерге жетуге болатындығына, әлемге паш етуге тұратын қазақтың музыкасы, әдебиеті, сурет өнері, архитектура салаларында керемет дүниелердің көп екеніне тоқталды.
БҚО облысының Ақжайық ауданында мәдениет басқармасын басқарған ақсақал Қанат Оразғалиевтың айтуы бойынша, Президентіміз мәдениетті әр қарай қалай дамыту керектігі туралы әр қадамымызды жазып беріп отыр. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы жасалмақ. «Биылғы жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды айқындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ, содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тыңғылықты жүзеге асырамыз деген.
Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деген әр сөздері жастарға рух беруге тиіс, деді мәдениет саласында көп жыл жұмыс атқарған ақсақал.