26 қаң, 2023 сағат 13:48

Оралда тұрғын үйдің ауласынан ер адамның денесі табылды

Көрнекі фото: pixabay.com

Орал қаласында тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 қаңтар күні Меңдәлиев көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болды.

«Сағат 9.34-те зорлықпен өлтірілген 1966 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның басын жарып кеткен. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.