27 қаз, 2020 сағат 17:00

Оралда төртінші қабаттан секірмек болған 32 жастағы әйел құтқарылды

Оралда төртінші қабаттан секірмек болған 32 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 27 қазан күні болды. 

Сағат 14.30-да 32 жастағы азаматшаның төртінші қабаттан секірмекші болып тұрғаны жөнінде хабар түскен. 

Деректер бойынша оның психикалық аурулар ауруханасында есепте тұрғаны анықталды.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағы, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ және апаттық медицина орталығы қызметкерлері техникаларымен жедел жетті.

Әйел құлап, жарақат алмас үшін құтқарушылар сол терезенің астына шатыр жайды. Тағы бір құтқарушы бесінші қабаттан түсіп, сағат 15.22-де әйелді пәтер ішіне кіргізіп алды. Сондай-ақ оған психологиялық көмек көрсетілді.