29 мау, 2021 сағат 01:15

Оралда Шаған өзеніне ағып бара жатқан жасөспірім құтқарылды


Оралда Шаған өзеніне батып бара жатқан 14 жастағы жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 28 маусым күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды.

Сағат 18.25-те жедел құтқару жасағының қызметкерлері ағыс алып бара жатқан 14 жастағы жасөспірімді құтқарды. Ол шомыламын деп суға батып кете жаздады. Жасөспірім 20 жастағы ағасының қолына тапсырылды.

БҚО ТЖ департаменті суға түскен кезде қауіпсіздік қағидасын ұмытпау керектігін еске салады.