Оралда салынып жатқан үйден құрылысшы құлап, мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға бүгін Ружейников көшесі бойында «Болашақ-Т» ЖШС салып жатқан көпқабатты үйде болды.
Жедел жәрдем сағат 03.15-те шақырылды.
Осында монтажшы болып жұмыс істейтін Ақжайық ауданының 24 жастағы тұрғыны 5-қабаттан құлап кеткен. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Ружейников көшесі 14-мекенжайында болғанын растап, толық мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.
Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.