11 там, 2021 сағат 20:04

Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды


Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 тамыз күні таңмен «Самал-3» шағынауданында «Set Sail» демалыс аймағы аумағында болды. 

Сағат 09.10-да күзетші Шаған өзенінен 2001 жылғы жігіттің денесін шығарып алған. Марқұм сағат 08.00-де белгісіз жағдайда киімшең күйінде суға батып кеткен. 

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Осымен өңірде жыл басынан бері 27 адам суға кетсе, соның 9-ы – жасөспірімдер.