
Оралда трансформатор зауыты өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Орал трансформатор зауытында цехтың жанып жатқаны жөнінде 14 желтоқсан күні түнде сағат 22.07-де хабар түскен.
Өртті барлау кезінде жалпы ауданы 200 шаршы метр аумақта дәнекерлеу цехының жабыны, қаптамасы, трансформаторларды сынау жабдығы, дәнекерлеу аппаратурасы, электр тұтқыш отқа оранғаны анықталды.
Сонымен қатар оқиға орнынан 50 литрлік 20 оттегі баллоны шығарылды.
Қазіргі болжам бойынша от дәнекерлеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан.
«Тілсіз жау» сағат 23.25-те толықтай жойылды.
Өртті сөндіруге 48 қызметкер, 16 техника жұмылдырылды.
