18 қаз, 2021 сағат 14:50

Оралда он жасар бала ағаштан құлап, ауруханаға түсті


Оралда он жасар бала ағаштан құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні шамамен сағат 19.00-де Қ.Аманжолов көшесінде болды.

Он жасар бала шамамен биіктігі 4 метр ағаштан құлаған. Содан кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

БҚО полиция департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, бала бас пен мидың жарақатын алған. Қазіргі кезде ол амбулаторлық ем алуға жолданды.