Оралда 10 жасар баланы көлігімен қағып өлтірген 22 жастағы жүргізуші қыз қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласының мамандандырылған тергеу соты қылмыстық қудалау органының аталған жүргізушіге екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі өтінішін қанағаттандырды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 17 қараша күні Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапқан болатын. Рульде 22 жастағы қыз болған. Оқушы ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Осыған байланысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.