Фото: ашық дереккөз
Оқиға Орал қаласының Зачаганск кентінде болды. 1997 жылы туған әйел саусағындағы сақинаны шеше алмаған. Нәтижесінде саусағы ісіп, ТЖМ қызметкерлерінің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Ult.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы шақыртуға жылдам келді. Құтқарушылар арнайы құрал – болгарканың көмегімен сақинаны қысқа уақыт ішінде кесіп, ісінген саусақтан алып тастады.
Құтқарушылар әйелдің саусағын кесіп алмас үшін сақинаның төменгі жағына пластик салды. Сақина қызығандықтан, оны сумен суытты. Сондай-ақ кәсіби құтқарушылар уайымдаған қызды тыныштандырып, қолдау көрсетті.
Құтқарушылар тұрғындарға кез келген төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне хабарласуды ескертеді. Олар әрдайым көмек көрсетуге дайын.