Оралда қолдан жасалған ұшу аппараты құлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 тамыз күні сағат 08.30-да 2-саяжай «Казинское» саяжай қоғамы маңында орын алды.
Оқиға орнында ұшақ иесі - 1951 жылғы азамат қаза тапты.
Қазіргі кезде келеңсіз жағдайдың жай-жапсары анықталу үстінде.