13 там, 2020 сағат 21:49

Оралда қатты желден теректер құлап, автокөліктерді басып қалды

Оралда қатты желден теректер құлап, автокөліктерді басып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 13 тамыз күні кешкісін дауыл тұрып, жаңбыр жауды.

Желдің жылдамдығы секундына 17 метрге дейін жетіп, соның салдарынан сағат 19.07-де А.Тайманов көшесі 127-үйдің ауласында терек «Рено Логан» және «Мицубиси» автокөліктерінің үстіне құлады.

Сағат 20.31-де А.Құсайынов көшесі 157-үйдің ауласында терек тағы бір автокөлікті басып қалды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.