Оралда «Жекпе-жек» спорт кешенінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында каратэ шито-рюден Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткеніндей, үш күнге созылған жарыс қорытындысында Маңғыстау облысының құрамасы 28 алтын, 16 күміс, 23 қола жүлдені жеңіп алды.
Байқоңыр қаласынан келген каратэшілер 11 алтын, 13 күміс, 13 қола медальға ие болды.
Ақмола облысы Щучинск қаласының спортшылары 7 алтын, 9 күміс, 12 қоламен қайтты.
Қызылордалықтар еншісінде - 7 алтын, 4 күміс, 15 қола жүлде.
Алматылықтар 7 алтын, 3 күміс, 9 қоланы қанжығасына байлады.
Ел біріншілігінде батысқазақстандықтар да құр қол қалған жоқ. Олар 5 алтын, 11 күміс, 12 қола жүлдені олжалады.